Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Все новости

    Хабарландыру! 4-сынып оқушылары мен ата-аналар үшін!

    Құрметті ата-аналар мен оқушылар, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытылатын 5-лицей сыныптарына түсу емтихандары 2024 жылдың 18 мамырда, сағат 10.00-де өтеді.
    2024 жылдың 10.05-18.05. аралығында 5-ші лицей сыныбына қағаз түріндегі өтініштер  қабылданады. Табельден орташа 4 балл жинаған оқушылардың ата-аналары лицей сыныптарына өтініш беруге құқылы. 09.45-те оқушылар мектептің ішкі ауласында жиналады. Өздерімен бірге торкөз дәптер, көк пастасы бар қалам, сызғыш болуы керек, қара қарындаш, газдалмаған су (қажет болса).
    Балалар 15 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп, оқу сыныптарына барады.
    Ата-аналар балаларын мектеп ауласында күтеді. Мектеп ғимаратына кіру нұсқаулық бойынша қарастырылмаған.
    Жұмысты аяқтағаннан кейін әр оқушы оқу кабинетін және мектепті босатады.
    Ұялы телефондар, смартфонмен смартсағаттар емтихан тапсырушыға емтихан кезінде тапсырылады. Калькулятор, өзге де есептеуіш құралдарды қолдануға қатаң тыйым салынады.
    Математика мен логика бойынша кешенді жазбаша жұмыстарының нәтижелері 20 мамырда мектеп қабырғасына ілінеді, және Күнделік платформасының ата- аналарға арналған бетінде жарияланады.
    Құрметпен,
    Астана қаласы әкімдігінің
    «Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК әкімшілігі
    10.05
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    sim1.png?_=1507292985 sim2.png?_=1507293021 sim3.png?_=1507293054

     

    Полезные ссылки