Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Все новости

    «Латын әліпбиі – рухани жаңғыру»





    1 желтоқсан «Тұңғыш Президент» мерекесіне орай 25-29 қараша күндері аралығында «Латын әліпбиі – рухани жаңғыру» тақырыбында апталық өтті. Апталық барысында оқушылардың латын әліпбиін меңгеруін тексеру мақсатында Толқынай Оңталапқызы және Әсем Серікқызы 9-11 сыныптар арасында диктант алды. Шәкірттердің латын әліпбиіне деген көзқарасын білу аясында Ақгүл Лұқпанқызы үздік эсселер байқауын өткізді. 5-11 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен үздік қабырға газеті байқауы болды. Байқаудан 8 «а» сыныбы I орын, 5 «ә» сыныбы II орын, 7 «а» сыныбы III орын иеленді. Сонымен қатар, Толқынай Оңталапқызының ұйымдастыруымен «Жүзден жүйрік» интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыс нәтижесінде 9 «а» сынып оқушылары I  орынмен, 10 «а» сынып оқушылары II орынмен марапатталды. 29 қараша күні апталық жалғасы «Латын әліпбиі бізге қажет пе?» тақырыбындағы пікірсайыспен ұласты. Пікірсайыста өз ойларын нақты, ашық айта білген 10 «а» сынып оқушылары I орынмен, 9 «а» сынып оқушылары  II орынмен марапатталды. Апталыққа барлық оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты.
    05.12
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    sim1.png?_=1507292985 sim2.png?_=1507293021 sim3.png?_=1507293054

     

    Полезные ссылки