Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Жемқорлыққа қарсы іс - шаралар





    Құрметті ата-аналар!

     

     «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының талаптарына сәйкес:

    -         мектептің қажеттілігі үшін (қағаз, органайзер, кеңсе тауарлары, жуғыш заттар, су, картриджді толтыру, бөлме гүлдері және т.б.);

    -         сынып жетекші мен пән мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, мерекелерде (Мұғалімдер күні, Халықаралық  әйелдер күні, мектеп бітіруге байланысты және т.б.) сыйлық беру (гүл, сувенирлер) үшін;

    -         сыныптастар арасында мерекелерде ұлдарға, қыздарға деп сыйлық беру үшін;

    -         мәдени орындар (театр, музей т.б.) мен ойын-сауық (кино, би кеші т.б.) орталықтарына, экскурсияға бару үшін;

    -         интеллектуалды сайыс, олимпиада т.б. іс-шараларға қатысу үшін;

    -         9, 11- сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу үшін;

    -         4, 9, 11- сынып ата-аналарының мектеп бітіруге қатысты шараларды өткізу үшін ЗАҢСЫЗ АҚША ЖИНАУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

     

    Ақша қаражатын жинау фактілері анықталған жағдайда №27 мектеп-лицейінің директоры К. С. Байсалбаевтың телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

    Ұялы телефон: 87770402901 (ватсап), 87022653985.

    Жұмыс телефоны: 50-17-52

     






    Әділ Ахметовпен адалдық сағаты!







    БҮГІН ЕЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ «ӘДІЛДІККЕ ҮНДЕГЕН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫМЕН БАСТАЛДЫ

     

    Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды дамыту.

    Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған.

    Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

    Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп атап өткен.

    Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады.

    Адалдық — адам бойындағы басты қасиеттердің бірі, адамгершіліктің маңызды талаптарының бірін көрсететін моральдық сапа. Оған шыншылдық, ар-ождан, адалдық, қабылданған міндеттемелерге адалдық, мәселенің дұрыстығына субъективті сену, адамның басқарылатын себептеріне байланысты, өзгелер мен өзіне деген шынайылық.

    Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.


    Полезные ссылки