Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы




    Lesson Study аясында онлайн ашық сабақтар мен фокус-топ отырыстары дайындалып, өткізілді.

          2020 жылғы 11 желтоқсанда № 27 мектеп-лицейдің желілік қоғамдастығымен Lesson Study зерттеудің бірінші кезеңін өткізді. Тәжірибе алмасу үшін № 5 гимназия магниттік мектебінің әріптестері шақырылды.
         Lesson Study аясында онлайн ашық сабақтар мен фокус-топ отырыстары дайындалып, өткізілді. Мектеп-лицейдің үйлестірушісі Л.М. Аршабаева сабақтар мен отырыстардың өту кестесін жасады.
         Мұғалімдер төмендегі сабақтарды көрсетті: 8-сыныпта химия сабағы, мұғалімі – А.Д. Дүйсенбекова, 5 «Н» сыныбында қазақ әдебиеті сабағы, мұғалімі – Т.О. Сердалы, 6 «Д» сыныбында музыка сабағы, мұғалімі – А.Т Аширматов, 3 «Г» сыныбында ағылшын тілі сабағы, мұғалімі – Р.С. Садыкова, 10 «В» сыныбында физика сабағы, мұғалімі – А.К. Калабаева, 5 «Г» сыныбында математика сабағы, мұғалімі – Г.А. Магер, 5 «Б» сыныбында орыс тілі сабағы, мұғалімі – Ж.К. Сүлейменова, 5 «З» сыныбында ағылшын тілі сабағы, мұғалімі – Ж.А. Есжанова. Сабақтың тиімділігі үшін мұғалімдер әр түрлі әдістер мен стратегияларды қолданды, сабақтың әр кезеңі нәтижеге және оқушының ынтасын арттыруға бағытталды. Сабақтарға балалар белсене қатысты, сұрақтарға жауап берді, әр мұғалім қорытындысын рефлексия түрінде шығарды.
         Әр сабақтан кейін мұғалімдер тобы пікірталас жүргізіп, сабақтың сәтті сәттерін анықтады, немен жұмыс істеу керек және нені жақсартуға болатынын айқындады. Сабақтарды талқылау кезінде әріптестер өткен сабақтарға жоғары баға берді. Мектебіміздің мұғалімдеріне жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.
         Фокус-топ үйлестірушілері Н.Ю. Лан, Н.В. Растокина, Ю.Г. Валл, З.К. Мыкышева және фокус-топтардың жетекшілері А.Б. Саржанова, М.Б. Торганбаева, С.М. Чучумова, Р.С. Садыкова, Д.Д. Абитова, Г.Н. Псибаева, С.И. Гурова, Б.К. Ағжанбаева жұмыстарын атап өткім келеді, олардың әрқайсысы өз ауысымында мұғалімдермен сабақ жоспарлау және өткізу мәселелерін талқылады.
          Барлық сабаққа қатысып, оларды талқылауға белсене атсалысқан, ұсыныстар берген №5 гимназиядағы әріптестерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз. Мектеп желілік қоғамдастықтағы бұл жұмысты №5 гимназияның әріптестерімен ары қарай жалғастыруды жоспарлап отыр.

    1     2

    3     4
    14.12
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    sim1.png?_=1507292985 sim2.png?_=1507293021 sim3.png?_=1507293054

     

    Полезные ссылки