Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Ашық есік күні 22.11.2024

    Семинар


    Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

     

    Астана қаласы Әдістемелік орталығы мен № 27 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 15 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі» атты қалалық семинар өтті.

    Іс-шараның мақсаты – сапалы сабақ беруде тиімді әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану бойынша іс-тәжірибемен бөлісу. Барлық қатысушылардың белсенді өзара әрекеттесу қабілетін және қарым-қатынас мәдениетін дамыту.

    Іс-шараның алғы сөзінде №27 мектеп-лицейінің директоры К. Байсалбаев және директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары М. Макаева қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

    Әдістемелік орталықтың әдіскері Әзімбай Н.К. «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері» тақырыбында сөз сөйледі.

    Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А. Карбозова, Е. Хитрук және информатика пәні мұғалімі А. Рахметова «Сабақтағы геймификация: бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін дамыту» тақырыбында лайфхактарын ұсынды.

    Директордың орынбасарлары К. Кажгалиева мен К. Юсупованың ұйымдастыруымен өткен "Педагог жұмысындағы заманауи технологиялар" атты шеберлік сыныбында семинар тақырыбына қатысты түрлі технологиялар таныстырылып, бастауыш сынып мұғалімдері Г. Сабден және М. Блялова «Әдіс-тәсілдерді сабақта қолданудың тиімді жолдары» шеберлік сабағын өткізді. Семинарға қатысушылар шеберлік сыныптарынан өзіне керекті қызықты, тың  дүниелер алып, ризашылықтарын танытты.

    Қазіргі кезде ойлы оқырманды тәрбиелеудің маңыздылығы өте зор. Кітап оқып, оны өз ойымен байланыстырып, оқушының еркін сөйлеуі ұстаз үшін маңызды  дүниелердің бірі. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері Н.В. Гаркушина және Г. Б. Мурасулова семинарға қатысушы ұстаздармен ойлы оқырман үшін тиімді әдістерімен бөлісті.

    Семинардың практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері бірлескен орта құру мақсатында және оқушылардың сабақта оқу мақсаттарына жету үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бірқатар

    сабақтар өткізді:

    1. Қазақ тілі. Етістіктің жіктелуі. Кіріктірілген сабақ. 4 «А» Маусымбаева Б.Б., Хуат Д.С., Секерова А.Ж.
    2. Ана тілі. Наурыз. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 1 «Ә» Бейсенова Ж.К.
    3. Естествознание. «Как появляется тень?» Урок- практикум 3 «Д» Дружок А.С.
    4. Математика. Повторение и закрепление изученного материала. Групповое исследование. 2 «Ж» Бондарь Е.В.
    5. Математика. Что ты знаешь и умеешь? Урок-путешествие. 1 «И», Исакова Г.Л.
    6. Қазақ тілі. Сын есім. Нәтиже сабақ. 3 «А» Капарова А.М.
    7. Математика. Қорытындылау. Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану. 3 «Ә» Булашева Н.К.
    8. Естествознание. Полезные ископаемые вокруг нас. Урок-практикум. 4 «Е» Белоусова О.В.
    9. Математика. Обобщение. Применение алгоритма умножения и деления двух-трехзначных чисел на однозначное. Математический турнир. 3 «Ж» Аношкина Р.Б.

    Семинар қонақтары бастауыш сынып мұғалімдері Б. Құрмашева мен М. Қасымованың ұйымдастыруымен өткен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шараның куәсі болды.

    Іс-шараның маңызды кезеңі рефлексия. "Еркін микрофон" форматында тиімді кері байланыс орнату үшін семинарға қатысушылар арасында пікір алмасу жүргізілді, өз тәжірибелерін жетілдірудің стратегиялары атап өтілді.

    Семинарға білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілері мен жас мамандар қатысты.

    18.03
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    sim1.png?_=1507292985 sim2.png?_=1507293021 sim3.png?_=1507293054

     

    Полезные ссылки