Меню KDT
МЕНЮ

logo.jpg?_=1604979723

Астана қаласының №27 мектеп-лицейі
  • kz
  • ru
  •  
    Меню школы

    Ашық есік күні 22.11.2024

    ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    «№27 мектеп-лицей» КММ Қамқоршылық кеңестің құрамын қалыптастыру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтынын хабарлайды.

          Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі:

    1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

          2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

          3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

          4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

          5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

          6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

          7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

          8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

          9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

      10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

          11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

         Шақырылатындар: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері; коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса); ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі; қайырымдылық жасаушылар (бар болса). 

          №27 мектеп-лицейінде қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығына сай іске асырылады.

    Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 22 қыркүйегіне дейін.  

          Бірнеше қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз еркімен кеңес құрамынан шығуына байланысты бос орындар пайда болды. 1, 3, 8 – сынып параллелінен бір ата-анадан, барлығы 3  ата-ана қамқоршылық кеңес мүшесі бола алады.

    (өтініштер №27 мектеп-лицейі, №127 кабинетте сағат 09.00-ден 16.00 –ге дейін қабылданады. Жауапты хатшы - Хамитова Айгерим Тауасаровна 8701 438 53 53)

    08.09
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    sim1.png?_=1507292985 sim2.png?_=1507293021 sim3.png?_=1507293054

     

    Полезные ссылки