2026-2027 оқу жылында Астана қаласының мектептеріне бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.
✍️ Мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол мектепте оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде мектепке қабылданады.
Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі.
Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
🌐 Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы
🏫 Қағаз түрінде: мектепке барып, жеке тапсыру
Құжаттардың тізімі
Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші; 📝
Ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі;
Баланың 3×4 см сандық фотосуреті
«Бала денсаулығының паспорты» 052-2/у медициналық анықтамасы
065/у «профилактикалық егу картасы» медициналық анықтамасы
Шағын учаске бойынша толтырылады
