28.10.2025

Тәжірибе алмасу

6-сыныппен «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбында жасанды интеллект көмегімен өткен сабақ

6-сынып оқушыларымен биология пәнінен «Тірек-қимыл жүйесі» тақырыбында ерекше форматта сабақ өткіздім. Сабақтың басты ерекшелігі – оқу үдерісінде жасанды интеллект және заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану болды.

Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушылардың жауаптарын тексеру үшін Quizizz және ChatGPT платформалары пайдаланылды. Бұл әдіс сабақтың қарқынын арттырып, оқушылардың белсенділігін оятты. Олар сұрақтарға интерактивті түрде жауап беріп, өз білімдерін бірден бағалай алды.

Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында Canva бағдарламасының көмегімен тірек-қимыл жүйесінің құрылымы мен қызметі бейнеленген көрнекі инфографика көрсетілді. Оқушылар адам қаңқасы мен бұлшықеттердің байланысын көрнекі түрде бақылап, түсініктерін тереңдетті.

Топтық жұмыс ретінде әр топқа «Адам қаңқасының қызметі мен қозғалысы» тақырыбында комикс жасау тапсырмасы берілді. Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, биологиялық білімін бейнелеу өнерімен ұштастыруға мүмкіндік берді.

Сабақ соңында оқушылар өз комикстерін қорғап, бір-бірінің жұмыстарын бағалады. Сабақ жоғары қызығушылықпен өтті, ал жасанды интеллект элементтерін қолдану оқу процесін жандандырып, оқушылардың заманауи технологияларға деген қызығушылығын арттырды.

Осындай сабақтар арқылы оқушылар тек биологиялық білімін ғана емес, XXI ғасыр дағдыларын — сыни ойлау, шығармашылық және цифрлық сауаттылықты қатар дамытады.

Өткізген: Қожамберген Аяулым Берікқызы

 

Жасанды интеллект арқылы биология сабағы! 🤖🧬

Биология пәнінің мұғалімі Ж.Р. Таушарова AI технологияларын қолдану арқылы ерекше сабақ берді. Алдымен Роберт Гук студенттер алдында «өмірге келді» — ол өзінің жасуша құрылымын ашқан жаңалығы және микроскоптың маңыздылығы туралы айтты 🔬.

Содан кейін оқушылар цифрлық таңбалармен бірге жасушаның 3D құрылымын бөлшектеп, оның органеллаларын егжей-тегжейлі зерттеп, әр бөліктің өз қызметін қалай атқаратынын білді. Одан кейін оқушылар алған білімдерін қызықты түрде бекіте отырып, интерактивті тапсырмаларды орындады.

🎥 Бұл технологиялар сабақтарды жанды, түсінікті етеді және биологияны оқуға қызығушылық пен қызығушылық тудырады!