07.03.2026
6964d269be6c48b0a1fb0e54e7a523c0

Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде бүгінгі Бастауыш апталығымыз Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келді.. Бұл күн бәріміз үшін ерекше, жылылыққа толы күн болды.. Оқушылардың жүзінде де күлкі, шаттық сезімдері байқалды.
Алғыс айту — бұл қарапайым, бірақ күшті сөздер, олар адамның жүрегін жылытады, көңілін көтереді. Бізге жақын адамдарға алғыс айту арқылы біз оларға өз сүйіспеншілігіміз бен құрметімізді білдіреміз.
Алғыс айту күні — бұл тек жақын адамдарымызға ғана емес, соңғы уақытта бізге жақсылық жасаған барлық адамдарға алғыс айтудың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл күн бізге мейірімділік пен ризашылық атмосферасын құруға, бір-бірімізге қолдау көрсетуге және жақсылық жасауға шақырады.
Алғыс айту күнімен барлық адамдарды,оқушыларды, ұстаздарды құттықтадық. Осы ерекше күннің құрметіне жақын адамдарыңызға алғыс айтып, олардың өміріне қуаныш пен бақыт тілеңіз. Алдағы Бастауыш онкүндігі осындай қызықты сайыстар мен іс-шараларға толы болғалы тұр.Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!!!