Бүгін Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейі қабырғасында «Әке – үлгі, өнеге» сенбілігі жоғары деңгейде өтті. Бұл шара – әкелердің бала тәрбиесіндегі орны ерекше екенін тағы бір мәрте дәлелдеген игі бастама болды.
Әкелер мен балалар бірлесе ағаш отырғызып, еңбек етіп, мектеп ауласын көркейтіп, тазалық пен тәртіптің үлгісін көрсетті 🌿
Осындай сәттер арқылы ұрпақ санасына еңбекқорлық, жауапкершілік, табиғатқа деген сүйіспеншілік сіңіріледі.
Бірлік бар жерде – береке бар!
Әр әке – өз баласына өнеге болсын, ал әр бала сол аманатқа адал болсын 🤍
