13.05.2026
Design Wrokshop

✨ «Жаңа буын – жаңа көзқарас» жас мамандар апталығының ашылуы өтті!

Бүгін мектебімізде жас мамандардың шығармашылығы мен кәсіби дамуына бағытталған ерекше апталық салтанатты түрде ашылды.
Апталықтың мақсаты – жас педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасап, жаңа идеялар мен заманауи көзқарастарды қолдау.

Ашылу салтанатында жас мамандарға сәттілік тілеп, олардың білім мен тәрбие жолындағы ізденістеріне қолдау білдірілді. Алда қызықты кездесулер, тәжірибелік сабақтар, шеберлік сағаттары мен жаңа бастамалар күтіп тұр.

🌟 Жаңа идея – жаңа мүмкіндік!
🌟 Жас маман – болашақтың жарқын кепілі!