Бүгін маңызды оқиға орын алды — 6636 әскери бөлімі мен Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.
Аталған келісім жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, азаматтық жауапкершілік пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру бағытындағы бірлескен жұмыстарға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл ынтымақтастық бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, әскери-патриоттық іс-шараларды ұйымдастыруға және ел болашағына қызмет ететін саналы ұрпақты тәрбиелеуге берік негіз болады деп сенеміз.
Кездесуге қатысқан барлық азаматтарға, басшылыққа және педагогикалық ұжымға қолдау көрсетіп, өзара сенім мен нәтижелі ынтымақтастыққа ұмтылғандары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
