🌟 Бүгін, 21 мамыр күні, Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде дәстүрге айналған «Қайсенов жұлдыздары» шеруі салтанатты түрде өтті.
Бұл ерекше мереке – оқу жылы бойы білімде, өнерде, спортта, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып, биік жетістіктерге жеткен оқушыларымызды, ата-аналарымызды және керемет ұстаздарымызды марапаттауға арналған жарқын кеш болды. 🌟
Шеру барысында үздік оқушылар, белсенді ата-аналар және осы оқушыларды шыңдаған ұстаздар мен мектеп мақтаныштары марапатталып, олардың еңбегі мен талпынысына құрмет көрсетілді. Әрбір жетістік – тынымсыз еңбектің, ұстаздар мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі екені сөзсіз.
«Қайсенов жұлдыздары» – тек марапат қана емес, бұл — арманға ұмтылған жас жұлдыздардың жарқыраған сәті. ⭐
Оқушының арманына қанат бітірген жетекшіге, әр қадамына демеу болған ата-анаға және талмай ізденген шәкіртке мың алғыс!
