2026 жылы 30 қыркүйек күні мектебімізде «Кітап. Жасанды интеллект. SHARE: жаңа дәуірдегі оқырман мәдениеті» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында «Абай әлемі» танымдық ойын үстелі өткізілді.
👥 Қатысушылар: 10-сынып оқушылары мен ұстаздар.
🎯 Іс-шараның мақсаты: оқушылардың Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, әдебиетке қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқырмандық мәдениетін қалыптастыру.
🎲 Танымдық ойын барысында оқушылар Абай әлеміне саяхат жасап, қызықты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады және топтық тапсырмалар орындады.
🌿 Абай мұрасы – ұрпаққа аманат, рухани қазына
