06.11.2026
Шабыт пен өнер тоғысқан күн

Бүгін мектебімізде режиссер, продюсер әрі сценарист Азамат Джумабаевтың қатысуымен оқушыларға арналған арнайы мастер-класс өтті!
Шеберлік сабағы барысында оқушылар:
Режиссура және продюсерлік қырлары;
Сценарий жазу негіздері;
Актерлік шеберлік пен шешендік өнер;
Кино музыкасы мен саундтректер әлемі туралы тың мағлұматтар алды.
Жас өрендеріміз үшін бұл шара үлкен шабыт көзі болып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға керемет мүмкіндік берді!