6 мен 10 қазан аралығында мектебімізде «Ұлттық мұра – асыл қазына» атты эстетикалық цикл онкүндігі өтті.
Эстетикалық цикл онкүндігі – бұл шығармашылықтың, шабыт пен сұлулықтың апталығы.
Апта бойы мектеп ерекше көңіл күйге бөленіп, музыка мен өнердің, қиял мен креативтің ордасына айналды.
Мұғалімдер өз шеберліктерін көрсетіп, мазмұнды ашық сабақтар өткізді.
Жасанды интеллектіні қолдана отырып, қызықты және белсенді ойындар ұйымдастырылды.
«Караоке» байқауында оқушылар мен ұстаздардың әсем дауыстары шырқалып, ерекше әсер сыйлады.
Бұл онкүндік біздің ұжым мен оқушылардың бойындағы талант, ынта және әсемдікке деген сүйіспеншілікті тағы бір дәлелдеді.
