28.10.2025
12_small

Қазан айының 13-і күні Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адалдық пен тіл тазалығы — Абайдан аманат» атты апталықтың салтанатты ашылу жиыны өтті. Апталықтың басты мақсаты – оқушыларды ана тіліне деген құрметке баулу, тіл тазалығын сақтау, ұлы Абайдың тіл туралы өсиеттерін насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақты адалдық пен әділеттілікке тәрбиелеу.
Салтанатты шарада мектеп директоры Меруерт Абитаевна құттықтау сөз сөйлеп, апталықтың мән-маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде ана тілінің ұлттың рухани өзегі екенін, жастардың тілге деген құрметі мен жауапкершілігі ел болашағына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сонымен қатар, Абай мұрасының бүгінгі күнмен үндесіп жатқанын, оның тіл тазалығы мен адамгершілікке шақырған өсиеттерінің әлі де өзекті екенін жеткізді.
Бірлестік жетекшісі Әсем Серікқызы апталықтың жоспарымен таныстырды. Апта бойы әртүрлі танымдық, шығармашылық және әдеби іс-шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті.
Апталықтың ашылу рәсімі оқушылардың орындауындағы Абай өлеңдерімен және көркем сөз оқуымен, әуезді күймен жалғасты. Шара өте әсерлі өтті, қатысушылардың белсенділігі жоғары болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *