08.03.2026
1200_0_446e20884c97fd0f760e79e2a046e0d6

✨ «Адалдық пен тіл тазалығы – Абайдан аманат» апталығының жабылуы! ✨
20 қазан күні қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өз мәресіне жетті.
Апталық барысында оқушылар Абайдың шығармашылығына терең үңіліп, тіл тазалығы мен адалдықтың мәнін сезінді.
? Артем скрипкада Абайдың әуезді туындысын орындап,
? Кішкентай бүлдіршіндер ақынның әндерін хормен шырқады.
Директордың бейіндік оқыту орынбасары Макаева Мансия Галамовна және бірлестік жетекшісі Қошан Әсем Серікқызы апталыққа белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіріп, үздіктерді марапаттады.
? Апталық жоғары деңгейде өтті!
Тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!