Ұлы Тәуелсіздігіміздің символы — Республика күні құтты болсын!
Бүгінгі мерекеде жүректі тербетіп, жанымызға рух, бойымызға қуат берген қасиетті «Атамекен» әні шырқалды!
Бұл ән — әр қазақтың жүрегіндегі Отанға деген шексіз махаббаттың үні.
Ол — туған жердің топырағына, тарихына, тіліне, тағдырына деген тағзым!
🇰🇿 Атамекен — ардақ тұтар асыл мұрамыз,
Атамекен — елдік пен бірліктің рухы!
Осы рухты мерекеде баршаңызға зор денсаулық, татулық пен бақ-береке тілеймін!
Мемлекетіміздің мерейі үстем, көк байрағымыз биік болсын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Мереке құтты болсын!
Атамекен — жүректе!
#Республика күні
