01.11.2025
654bbdf1d4575

Мектебімізде кезекті 2-ші педагогикалық кеңес өтті. Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Педагогикалық кеңес мектеп психологтары Мухамадиева Г.М. және Мұхтар Н.А. көңілді сергіту сәтімен басталды.

1️⃣ Алдыңғы педкеңестің шешімдерінің жүзеге асырылу барысы бойынша Макаева Мансия Галламовна сөз сөйледі.
2️⃣ «Қазіргі мектептегі жасанды интеллект: сын-қатерлер, мүмкіндіктер және болашақ» тақырыбында Жарасова Ақбота Қуатқызы өз баяндамасын ұсынып, тәжірибесімен бөлісті. Келесі сөз Солнцева Е.А. мен Сыздыкова М.А. беріліп, олар өз бағытындағы осы тақырыптағы жұмыстарымен бөлісті.
3️⃣ 1-тоқсанның оқу үлгерімінің қорытындысы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Қ.А. талдау жасады.
4️⃣ «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында құндылықтарды білім беру мазмұнына интеграциялау жолдары жөнінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Шоманова Д.М. мен Идрисова А.С. баяндама жасады.
5️⃣ Кәсіподақ ұйымының ұжымдық келісімшарты туралы Жанабаева Дилара Маратовна маңызды бағыттарды атап өтті.

Кеңестің соңында мектеп психологы Имашева М.Б. тығырықтан шығудың жолдары туралы пайдалы ұсыныстар беріп, бейнефильм көрсетті.

Педагогикалық кеңес ұстаздардың кәсіби бірлігін арттыруға, оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *