08.03.2026
asyk-atu-kz-min-1500x1000

? Челлендж: Асық ату!
? Бастауыш сыныптар

Бастауыш сынып оқушылары арасында ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында асық ату челленджі өтті. Балаларымыз жақсы көңіл-күймен, қызығушылықпен қатысып, өз мергендігін көрсетіп, ұлттық мұрамызды тағы бір қырынан таныды.
Ойын барысында оқушылар бір-бірін қолдап, шеберліктерін шыңдап, достық атмосферада жарысты. Мұндай шаралар олардың ептілігін, дәлдігін, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыратыны сөзсіз!
Қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғыс!
Ұлттық дәстүрді бірге жаңғыртайық!