08.03.2026
1701070487

XIІІI Президенттік олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы 11 (12) сынып оқушылары арасында өз мәресіне жетті.
Бүгін, 21 қараша күні, сағат 10:00-де елордадағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті.
? Олимпиада қорытындысы бойынша 11 «Л» сынып оқушысы Литвинов Артемий III дәрежелі дипломмен, ? қоламен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құнды сыйлығымен марапатталды.
Қымбатты Артемий! Президенттік олимпиададағы тамаша жетістігіңмен — 3-орынмен шын жүректен құттықтаймыз! ??
Біз сенімен мақтанамыз!