08.01.2026
22–26 желтоқсан аралығында Астана қаласы әкімдігіҚасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде«Жа

22–26 желтоқсан аралығында Астана қаласы әкімдігі
Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде
«Жақсылық – сен бар жерде!» атты Психология апталығы өтті.

Апта аясында оқушылардың эмоционалдық сауаттылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Флешмобтар, нейроойындар, сынып сағаттары, шығармашылық байқаулар мен белсенді ойындар үлкен қызығушылық тудырды.

Оқушылар, педагогтар және ата-аналар белсенді қатысып, апта жылы эмоцияға, достық атмосфераға және шығармашылыққа толы өтті. Психология апталығының қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар марапатталды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *