08.03.2026
_gluster_2025_4_25_25648638af88f0fd1d3efb199ae4f155_original.40431

📌 «Заң және тәртіп» айлығы аясында маңызды кездесу өтті

Мектебімізде «Тәртіп және жауапкершілік» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік, құқықтық мәдениет пен тәртіптің маңызын кеңінен түсіндіру.

Жиналысқа қоғам өмірінде өзіндік орны бар, беделді қонақтар қатысты:
✨ Әкелер одағының төрағасы Шотбаев Мұхтар Әбдіғаппарұлы
✨ Еңбек ардагері, ақын, жазушы, қоғамтанушы Рақымбаев Оқан Рақымбайұлы
✨ Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Намазшанов Қуаныш Намазшамұлы
✨ «AMANAT» партиясы Байқоңыр аудандық филиалының төрағасы, мәслихат депутаты Естек Қанат Ғалымжанұлы
✨ Астана қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің рота командирінің орынбасары, полиция майоры Қошқарбаев Қайрат Жексенбаевич
✨ Астана қаласы Байқоңыр полициясы АПБ КҚҚБ-ның бастығы Есимов Ильяс Мейрамбекович

Қонақтар жас ұрпақты заңды құрметтеуге, жауапкершілік пен тәртіпті өмір салтына айналдырудың маңыздылығы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.

🤝 Осындай кездесулер мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бала болашағына бағытталған ортақ құндылықтарды қалыптастырады.

📚 Тәртіп бар жерде – тәрбие, тәрбие бар жерде – болашақ бар!