????????????????????????????????????
03.02.226 жылы Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде Байқоңыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім өкілдерінің қатысуымен кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында білім алушыларға әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, қабылдау талаптары және әскери қызметті өткеру ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
