08.03.2026
500

№27 мектеп-лицейінің акт залында 5–11 сынып ата-аналарының қатысуымен жалпы мектептік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыс Білім басқармасының бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.
📌 Жиналыстың күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:
«Экологиялық ата-ана болу: бала тәрбиесіне ұқыпты көзқарас» тақырыбында ақпарат берілді.
Ата-аналар қауымына кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың белгілері мен қауіп факторлары туралы түсіндірме жүргізіліп, баланың психологиялық қауіпсіздігін сақтауда ата-ананың рөлі атап өтілді.

Әртүрлі мәселелер
Мектеп жарғысының ережелерін сақтау, мектеп формасының талапқа сай болуы, оқушылардың сабаққа кешікпеуі және тәртіп мәселелері қаралды.

🤝 Жиналыс барысында ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Баланың қауіпсіз әрі сапалы білім алуы – мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі екені ерекше назарға алынды.

Іс-шараға «Психологиялық қолдау орталығының» психологі Сатымбекова Т.С. қатысып, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ізгі көзқарас, бережное (қамқор) тәрбие және балаларға психологиялық қолдау көрсету жолдары туралы маңызды ақпарат берді.
🧠 Кездесу барысында:
• баланың психологиялық саулығын сақтау,
• отбасындағы қолайлы қарым-қатынастың маңыздылығы,
• ата-ананың бала дамуына тигізер әсері кеңінен талқыланды.
👨‍👩‍👧‍👦 Жиынға 60-тан аса ата-ана қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

🤝 Мұндай кездесулер ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, балалардың жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.