10.02.2026 жылы мектеп кітапханасында белгілі балалар жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ”Балдырған” журналының редакция алқасы Толымбек Әбдірайыммен «Қалам құдіреті» атты әдеби кездесу кеші өтті. Іс-шараға мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушылары белсене қатысты. Толымбек Әбдірайым балаларға мейірімділік, адалдық және кітап оқудың маңыздылығы туралы жүрекжарды ақыл-кеңестерін айтты.
«Кітап оқыған бала — әлемді таныған бала. Ал балаларға арнап жазу — үлкен жауапкершілік,» — деп атап өтті жазушы өз сөзінде.
