08.03.2026
65bb3309e814a988830489

2026 жылғы 11 ақпанда мектепте
«Мектептегі телефондар: тыйым салу керек пе, әлде оқу мақсатында пайдалану керек пе?» тақырыбында дебат өтті.
Зияткерлік сайысқа 10 «Е» және 10 «М» сыныптарының командалары қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғау, нақты аргументтер келтіру және командада тиімді жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Талқылау барысында тәртіп, цифрлық сауаттылық, гаджеттерді оқу үдерісінде тиімді пайдалану, сондай-ақ мобильді құрылғыларды қолданудағы оқушылардың жауапкершілігі мәселелері қозғалды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 10 «М» сыныбының командасы неғұрлым сенімді деп танылды.
Дебат жетекшісі – тарих және құқық пәнінің мұғалімі Алибекова Г.Т.
Іс-шара оқушылардың сыни ойлауын, пікірталас мәдениетін және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.