07.03.2026
Қазақстан Конституциясының маңыздылығыАстана қаласы әкімдігі «Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп

Астана қаласы әкімдігі «Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейі» ЖМ мүшелеріне Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің ең жоғарғы заңы әрі мемлекеттің негізі екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, заңның үстемдігін қамтамасыз етеді және билік тармақтарының тепе-теңдігін бекітеді. Ол арқылы мемлекет тұрақтылыққа, әділеттілікке және демократиялық даму жолына сүйенеді. Сонымен қатар, Конституция әрбір адамның қадір-қасиетін, теңдігін және бейбіт өмірін сақтауға қызмет етеді. Сондықтан Конституция – әрбір азамат үшін тек заң емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Осыны ескере отырып, қатысушылар алдымызда өткелі жатқан референдумға қатысып, өз үлестерін қосуға шақырылды.