07.03.2026
1200_0_0Hilllsf6SAeeIYyAh9gMQ0KoGEZGj1rW3LZD4nV

Мектебімізде 9 “н” сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті сабағынан “Ұлпан” романындағы Ұлпан бейнесі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар Ұлпанның қайсар мінезін, ақыл-парасатын, ел тағдырына бейжай қарамайтын қайраткерлік болмысын терең талдады. Пікірталас, мәтінмен жұмыс және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кейіпкер бейнесін жан-жақты аша білді.

Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың әдеби талдау дағдылары мен сыни ойлау қабілеттерін көрсетті.
Пән мұғалімі: Сердалы Толқынай Оңталапқызы