“Балалар әдебиеті — асыл қазына” онкүндігіміздің жоспары бойынша «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу кезеңіне ұласты. Бұл күні мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушылары ерекше белсенділік танытып, поэзия әлеміне саяхат жасады. Оқушылар тек кітаптан оқып қана қоймай, өздері ұнатқан тақпақтарын жатқа айтып,балалар әр өлеңнің мағынасын терең ұғынып, дауыс ырғағы мен эмоциясын жеткізе білді.
