07.03.2026
Zoom-Quiz-300x132

📚✨ Мектебімізде ұстаздар арасында “ZUM QUIZ” интеллектуалды-танымдық ойыны өтті!

Аталған іс-шараның басты мақсаты – педагогтардың зияткерлік әлеуетін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту және ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Ойын барысында ұстаздар түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін, тапқырлықтарын және жылдамдықтарын көрсете білді. Әр кезең тартысты да әсерлі өтіп, қатысушылар жоғары белсенділік танытты.

“ZUM QUIZ” ойыны – тек білім сайысы ғана емес, сонымен қатар жағымды эмоция мен командалық рух сыйлаған ерекше алаң болды.

Барлық қатысушы ұстаздарға алғысымызды білдіреміз! 👏
Осындай тағылымы мол шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.