07.03.2026
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер минист (4)

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында мектебіміздің 9–11 сынып оқушыларына арналған деректі фильмнің көрсетілімін ұйымдастырдық.
🎬 23 ақпан 2026 жыл
«Кітап бетбелгілері емес» қысқаметражды деректі фильмі

Іс-шараға мектеп әкімшілігі, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп психологтары, ата-аналар, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагог қатысты.

👨‍👩‍👧‍👦 Ата-аналар мен педагог-психологтардың қатысуы құқықбұзушылықтың алдын алуда кешенді тәсілді қамтамасыз етіп, бала мен ата-ана арасындағы ашық диалогты дамытуға ықпал етті.

🎥 Фильмді бірлесіп көру және мазмұнына киноталдау жүргізу – жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастырудың тиімді құралы.

📌 Киноталдау жүргізуге арналған қазақ және орыс тілдеріндегі сценарийлер мен фильм сілтемелері қосымша ұсынылды.