07.03.2026
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТАУ ШАРАСЫ 18 ақпан күні Дүние (1)

18 ақпан күні Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы базасында ақпараттық-насихаттау шарасы өтті.

Аталған іс-шараға мектебіміздің оқушысы белсене қатысып, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелері, алғашқы көмек көрсету және дұрыс әрекет ету жолдары туралы құнды мәліметтер алды.

Шара барысында мамандар оқушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіріп, түрлі тәжірибелік кеңестер берді. Бұл кездесу оқушылардың өмір қауіпсіздігі бойынша білімдерін арттырып, төтенше жағдайларға дайын болуына ықпал етті.

Мектебіміздің оқушысы Жасмин іс-шарадан мол әсер алып, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын тағы бір мәрте ұғынды.