14.03.2026
e66849677d9baa96c5c5afa7ec75d31c

Мектебімізде көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше әрі әсерлі «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті 🌸

Байқауға қатысқан керемет жұптар өз өнерлерін көрсетіп, әсем әндерімен көрерменнің көңілін көтерді. Әрбір жұп сахнада үйлесім тауып, шығармашылықтары мен таланттарын паш етті.

Мерекелік кештің соңында ер азаматтарымыз әсем әндер шырқап, көңілді билерімен барша нәзік жандыларды құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мектеп директоры Меруерт Абитаевна ұстаздар қауымын мерекемен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады.

Осындай шуақты мереке барша ұстаздарымызға көтеріңкі көңіл күй мен шабыт сыйлады. Барлық аруларымызды көктемнің көркем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐