14.03.2026
Снимок экрана 2026-03-14 120247

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Елін сүйген ерлер – жас ұрпаққа үлгі» атты тағылымды кездесу кеші жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Іс-шара «TANYM» көпфункционалды кешені ғимаратында өтіп, оны Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицей педагогтері ұйымдастырды.

Бұл тағылымды кеш жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты сіңіруге бағытталған маңызды шара болды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының кеңесшісі Әбділов Әлібек мырза оқушылар алдында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтті.🇰🇿Көптеген жақсы кеңестер бере отырып, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

Кештің мазмұнды әрі әсерлі өтуіне үлес қосқан Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Ұлттық ұланының ән-би ансамблінің өнерпаздарына үлкен алғысымызды айтамыз. Олар патриоттық әндер орындап, сондай-ақ қыз-келіншектер мен оқушы қыздарды өткен Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар арнайы қатысып қолдау көрсеткен Астана қаласы Білім басқармасына, мектеп басшыларына, сондай-ақ белсенділік танытқан мектебіміздің ұстаздарына, оқушыларына және ата-аналар қауымына шынайы алғысымызды білдіреміз.

Өнерлеріңізбен көрермен көңілінен орын алып, жас ұрпаққа рухани тәрбие беруге қосқан үлестеріңіз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз.

Баршаңызға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз! ✨

Ұрпақ тәрбиесі — бұл біздің ортақ мақсат және міндетіміз. Осындай іс-шаралар оқушыларға патриоттық тәрбие беріп қана қоймай, болашақта өз мамандықтарын таңдауға да үлкен үлес қосады,-деді мектеп директоры Абуова Меруерт Абитаевна.