18.04.2026
images

13 наурыз күні Қасым Қайсенов атындағы №27мектеп-лицейінің кітапханасында 1-2 сынып оқушыларының арасында «Салауатты тамақтану»жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларымен бірлесе отырып тамақтар жәрмеңкесі өтті. Оқушылар өздері дайындаған пайдалы және адам ағзасына зиян тағамдарды ұсынды. Жәрмеңкеде түрлі жеміс-жидектер, жаңғақтар, йогурттар, сэндвичтер және басқа да пайдалы тағамдар таныстырылды. Оқушылар өз тамақтарын жарнамалап, сипаттады, анықтама берді.

Бұл іс-шара «Салауатты өмір салты» факультатив сабағы аясында ұйымдастырылды. Факультатив сабақ барысында оқушылар пайдалы тамақтану, дұрыс тамақтану , тағамдардың пайдасы туралы көптеген қызықты ақпараттар алды.

Жәрмеңкеге ата-аналар мен мұғалімдер де белсене қатысып, балалардың жұмысын қолдады. Іс-шараның мақсаты — балаларды салауатты тамақтануға тәрбиелеу және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Жәрмеңке соңында барлық қатысушыларға мақтау қағаздары ұсынылды.
Бұл жәрмеңке оқушыларға пайдалы тағамдар туралы көп білім берді және олардың болашақта дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі деп сенеміз. Өткізген жауапты мұғалімдер: 1-2 сынып жетекшілері Маусымбаева Б, Каримова Ә, Өкенова Ж, Әмірбекова Ә.