Біздің мектепте Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Ұстаздар ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеп, әсем ән айтып, би билеп, мерекенің көркін қыздырды.
Киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылып, барша қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Бұл күн – бірлік пен татулықтың, мейірім мен ізгіліктің жарқын көрінісіне айналды.
✨ Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен молшылық әкелсін!
