25.07.2026
5492614

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Тілдік орта: отбасы және қоғам» жобасы аясында бата айту челленджі Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен өтті.
Мақсаты:
• Ұлттық құндылықтарды дәріптеу
• Отбасындағы тілдік ортаны нығайту
• Бата беру дәстүрін жаңғырту

Бейне-ролик челленджі – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды.
Әр айтылған бата – жүректен шыққан ізгі тілек, ал ізгі тілек – елдің ырысы.
Оқытушы: Курмангалиева К.О.
Жауапты мұғалім: Булашева Н.К.