17.04.2026
png-klev-club-h4aa-p-shkola-deti-png-1

🗓 2026-2027 оқу жылында бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызда аяқталады.

Барлық мектептерде (дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерді қоспағанда) бірінші сыныпқа қабылдау емтихансыз жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру тәсілдері:
🌐 Электрондық түрде: www.egov.kz порталы арқылы
🏫 Қағаз түрінде: мектепке барып, жеке тапсыру

📑 Қажетті құжаттар:
Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші; 📝
Баланың туу туралы куәлігі;
Ата-ананың (заңды өкілдің) жеке куәлігі;
№ 065/у «Егу паспорты» және № 052-2/у «Баланың денсаулық паспорты»; 🏥
Көлемі 3х4 см баланың фотосуреті. 📸

📍 Мектептердің қызмет көрсету аумағына (микроучаскелерге) бекітілуі туралы ақпаратты Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтынан [https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-bilim?lang=kk] және мектептің сайтынан білуге болады.
Құжаттар жұмыс күндері (дүйсенбі–жұма) қабылданады.

🔄 Мектептер арасында балаларды ауыстыру:
Құжаттарды қабылдау және мектеп ауыстыру келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
* Соттың заңды күшіне енген шешімі болғанда; ⚖️
* Бір елді мекен ішінде немесе басқа жерге қоныс аударғанда 🏠 (тұрғын үй құқығын растайтын құжаттар болған жағдайда);
* Қазақстаннан тыс жерге шыққанда ✈️ (растайтын құжаттар ұсынылса);
* Бала зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе буллингке ұшыраған (немесе куәгер болған) жағдайда.
📞 Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін байланыс телефоны: 8-7172-501752