Бүгін 11-сынып оқушылары IEF 2026 Халықаралық білім көрмесі аясында Sheraton Astana Hotel қонақ үйінде өткен ауқымды шараға қатысып, болашақтарына бағыт-бағдар алды.
Бұл көрме – жай ғана ақпарат жинайтын алаң емес, әр түлек үшін арман мен мақсатты нақты жоспарға айналдыратын ерекше мүмкіндік болды. Оқушылар әлемнің жетекші университеттерімен танысып, оқу бағдарламалары, гранттар мен талаптар туралы тікелей ақпарат алып, өз болашағына сенімді қадам жасады.
Бір күннің ішінде әрбір жас өз таңдауын саралап, жүрек қалауын анықтап, үлкен өмірге бастар жолдың алғашқы баспалдағына көтерілді. Осындай мүмкіндіктер – білімге құштар, алға ұмтылған ұрпақтың жарқын болашағының кепілі!
