7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде «Таза Қазақстан – дені сау ұрпақ» атты флешмоб өтті.
Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Флешмобтың басты мақсаты – білім алушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке және қоғамдық тазалық мәдениетін дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Салауатты ұрпақ – жарқын болашақ! 💚
