17.04.2026
community-cleanup-volunteers-environment-trash-icon-flat-design-vector-illustration-collecting-protecting-highlights-388138120

026 жылғы 8 сәуірде Білім басқармасының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық нарративі аясында 2026 жылғы 11 сәуір – 11 мамыр аралығында өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспарға 20-дан астам іс-шара енгізілген.

Осыған сәйкес, 11 сәуір күні №27 мектеп-лицейінде «Таза аула – таза қоғам» атты сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – тазалық пен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, мектеп ауласын абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту.

Сенбілікке мектеп ұжымы мен оқушылар белсенді түрде қатысты. Қатысушылар мектеп ауласын тазалап, қоқыстарды жинап, ағаш түптерін әктеу, аумақты ретке келтіру жұмыстарын жүргізді.