17.04.2026
Снимок экрана 2026-04-15 145414

13 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті ерте мансаптық бағдар беру бағдарламасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту аясында Қ.Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
• Кездесудің мақсаты түлектерге мемлекеттік қызмет туралы ақпарат беру және дарынды жастарды мектеп жасынан бастап мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыру болды.
• Іс-шара барысында департамент басшысының орынбасары Б.Балғабеков оқушыларға мемлекеттік қызметке түсу жолдары, мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа процесі және жастар үшін қолжетімді мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.