1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Халықтар достығы» парады өтті.
Бұл жарқын мереке – татулық пен бірліктің, сыйластық пен достықтың символы. Парад барысында оқушылар түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, олардың мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттады. Әсем әндер шырқалып, көңілді билер биленді.
Бүлдіршіндердің шат күлкісі мен жарқын өнері мерекеге ерекше сән беріп, барша көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Осындай игі шаралар жас ұрпақты достыққа, ынтымаққа, өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелейді. Бірлігіміз бекем, достығымыз мәңгі болсын!
