28.04.2026 жылы Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінде БМСК психологы Казбекова Г.Т. «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, психикалық денсаулық, позитивті ойлауды қалыптастыру» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларына дәріс оқыды.
Мақсаты: жасөспірімдердің психологиялық әл-ауқаты туралы білімдерін арттыру, психикалық бұзылыстардың алдын алу, қауіпті факторларымен таныстыру арқылы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мінез-құлық қаупін азайту.
Міндеттер:
• «психикалық денсаулық» ұғымымен таныстыру;
• психикалық саулықты нығайтуға, күйзеліске төзімділік пен жағымды ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ету;
• әлеуметтік әл-ауқатты жақсартуға, әлеуметтік-психологиялық қорғаныс факторларын қалыптастыруға ықпал ету;
• өзін-өзі және қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы түсініктерін өзгерту.

