25 мамыр – мектеп өміріндегі ерекше де әсерлі күн. Бұл күн – білім мен тәрбиенің, еңбектің нәтижесі көрінетін, шәкірттердің жүрегінде мәңгі сақталатын қимас сәт. Соңғы қоңырау – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар маңызды белес.
Қымбатты түлектер!
Алтын ұя мектеппен қоштасып, жаңа арман мен үлкен мақсаттарға жол тартқалы тұрсыңдар. Мектеп қабырғасында алған білімдерің мен тәлім-тәрбиелерің өмірлеріңе шамшырақ болсын. Әрқашан биіктен көрініп, ел мақтанышына айналуларыңа тілектеспіз!
Ардақты ұстаздар!
Сіздердің адал еңбектеріңіз, төккен терлеріңіз бен шәкіртке деген шексіз махаббаттарыңыз – үлкен құрметке лайық. Әр оқушының жетістігінде сіздердің қолтаңбаларыңыз бар.
Құрметті ата-аналар!
Бала тәрбиесіндегі қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Бүгінгі қуаныш – баршамызға ортақ мереке.
