25.07.2026
🚦 Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда!2026 жылғы 1 маусым күні «Балдәурен» мектеп жанындағы (3)

2026 жылғы 1 маусым күні «Балдәурен» мектеп жанындағы жазғы лагерінде профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға ювеналды полиция инспекторы Жукенова А.К. қатысып, тәрбиеленушілерге жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында балаларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жол белгілерін сақтау, бағдаршам талаптарын орындау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу туралы маңызды ақпараттар берілді.

Инспектор балаларға жазғы демалыс кезінде жолда аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Балаларымыз аман, демалыстары көңілді әрі қауіпсіз болсын! ☀️🚸