25.07.2026
✨ Бір жыл. Мыңдаған сағат еңбек. Көптен күткен жеңіс. Жарқын жұлдызды сәт.Бүгін Елордамыздың төр

✨ Бір жыл. Мыңдаған сағат еңбек. Көптен күткен жеңіс. Жарқын жұлдызды сәт.

Бүгін Елордамыздың төрінде мыңдаған сағат бойы тынымсыз еңбек етіп, өз білімін, табандылығы мен зияткерлік әлеуетін дәлелдей білген дарынды оқушыларды ұлықтауға арналған марапаттау рәсімі өтті.

🏆 «ЕЛОРДА ДАРЫНДАРЫ – 2026» салтанатты марапаттау рәсімінде XVIII Президенттік олимпиадада мектебіміздің намысын абыроймен қорғаған 11 «Л» сынып оқушысы Литвинов Артемий жоғары жетістігі үшін марапатталып, лайықты құрметке ие болды.

Жас дарынның жеңісі — табандылықтың, мақсатқа ұмтылыстың және сапалы білімнің жарқын көрінісі. Мақтанамыз және жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз! ✨👏🏆