04.09.2026
ChatGPT Image 20 авг. 2026 г., 11_25_52

 

Бүгін 18.08.2026 жылы мектебімізде Әдістемелік күн ұйымдастырылып, педагогтер 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттарын талқылады.

Әдістемелік күн барысында педагогтер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026–2027 оқу жылына арналған Нұсқаулық-әдістемелік хатымен танысып, жаңа оқу жылындағы басымдықтар мен білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастырды.

📌 Негізгі назар:
▫️ білім сапасын арттыру;
▫️ оқу-тәрбие процесіне құндылықтарды жүйелі кіріктіру;
▫️ «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру;
▫️ «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Еңбек адамы» құндылықтарын қалыптастыру;
▫️ функционалдық және оқырмандық сауаттылықты дамыту;
▫️ цифрлық трансформация және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.

Жаңа оқу жылы – жаңа міндеттер мен жаңа мүмкіндіктер кезеңі.
Басты мақсатымыз – сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастыра отырып, жауапты, білімді, еңбекқор және жасампаз тұлға қалыптастыру.